Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады.
Бастапқы салмақта 80,8 мың тонна қарақұмық жиналды, бұл 2020 жылғы деңгейден 76% артық. Сондай-ақ, қара бидай жинау қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 43% – ға артық, дәндік жүгері 22,6% – ға, бұршақ дақылдары 1,3% – ға артық жиналды. Бастапқы салмақтағы тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15% – ға, жүгері-5% – ға артты.
Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.
Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60% – ды құрайды.
Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.
Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, олардың жалпы жинау алаңынан 3,0 млн га (96,6%) жиналды, 2,3 млн тонна бастырылды.