Басты

Қазақстанда жала жабу қылмыс деп танылмайтын болды

ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық өндірісті және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлар қабылдаған заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің «Жала жабу» 130-бабы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатын болды.

«Заң жобасымен барлық тараптар үшін мәжбүрлі түрде орындау жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі артатын болады. Заң жобасына енгізілген нормалар жеке сот орындаушының ағымдағы есепшотында өндіріп алушының пайдасына өндірілген ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді заң жобасын таныстырған сенатор Андрей Лукин.

Мұнан бөлек, заңға сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін оңтайландыру, атқарушылық өндіріс жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу, атқарушылық өндірістің жекелеген процедураларын регламенттеу және жақсарту бойынша түзетулер енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау мен олардың жауапкершілігін күшейту бойынша да шаралар жетілдіріледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button