ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.