PoliticsБасты

Мемлекет басшысы халықаралық конференцияға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау.
Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button