EducationБасты

Білім вице-министрі: Студенттерге қағаз диплом да беріледі

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари министрліктің Facebook парақшасында «Электронды диплом» тақырыбында өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ktk.kz

«Жоғары оқу орны және колледж түлектері дипломның қағаз түріндегі нұсқасын да алады, сондай-ақ электрондық көшірмесі де сақталады. Дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», – деді вице-министр.

Бұған қоса ол дипломның шынайылығын оңай тексеруге болатынын атап айтты.

«Әрине, біз мәліметтер базасын бәріне ашып бере алмаймыз. Әр адам дипломның түпнұсқа немесе жасанды екенін өзі тексере алады. Жұмыс беруші дипломның электронды көшірмесін білім және ғылым министрлігі арқылы ала алады. Мәліметтерді таратып жібермеу жөніндегі келісімге қол қойылады», – деп қосты шенеунік.

Бүгінде 2,5 миллион диплом сандық форматқа көшірілген. Қазіргі таңда министрлік 1992 жылға дейін жоғары оқу орнын бітірген азаматтардың деректерін жинаумен айналысып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық студенттер электронды диплом алатыны жайлы айтылған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button