SocialБасты

Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі қорытындыланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 28 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалін қорытындылады.

2021 жылдың 6-28 қыркүйек аралығында тіл фестивалі аясында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Астана» радиосының тікелей эфирінде мемлекеттік тіл мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған танымдық радиовикторина ұйымдастырылды. Қазақ зиялыларының тіл туралы айтқан қанатты сөздері әлеуметтік желілерде талқыланып, арнайы бейнероликтер түсірілді. Баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька, ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері, қазақша таргет жасау сияқты қоғамның бүгінгі сұранысына сай тақырыптарда тренингтер өтті.

Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, жастар арасында насихат жүргізу, халыққа қызмет көрсететін салаларда мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру және мемлекеттік тіл арқылы елді сүюге шақыру.

Іс-шарада Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі аясында өткен іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаздарға Диплом мен жүлделер, бағалы сыйлықтар табысталды. Қалалық әкімдік өкілдері, зиялы қауым,  журналистер мен көрермен болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button