Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,13 теңгеге құлдырап, 1 доллар 423, 85 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,68 теңге, сатып алу – 425, 18 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 423,73 теңгеден болса, сатып алу құны – 424, 81 теңге.