FinanceБасты

Қазақстанда электронды әмиянды қолдану бойынша Заңға жаңа талаптар енгізілді

Мәселен, анонимді электронды әмияндар арасында ақша аударымдарына тыйым салу қарастырылады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне шетелдік валютадағы ипотекалық несиелер, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсумді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, – деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық банк түсіндіріп өткендей, заң жобасында ақшаны жылыстату, капиталды елден шығару және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру қаупін азайту мақсатында төлем ұйымдарының қызметін реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған стандарттар қарастырылған.

Мәселен, анонимді электронды әмияндар арасында ақша аударымдарына тыйым салу қарастырылады және пайдаланушылардың аты-жөнін анық көрсетілуі бойынша жаңа талаптар белгіленеді. Сонымен қатар, құжат электрондық ақшаны пайдалану кезінде транзакциялар көлеміне белгілі бір шектеулер де енгізілген.

Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың есеп айырысу үшін электронды әмияндарды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, бұл электронды ақшаның төлем түрінде ыңғайлы және қарапайым құралы ретінде дамытуға және пайдалануға белгілі бір деңгейде серпін береді деп күтіледі. Заң жобасында сонымен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібін реттеуге бағытталған ережелер де қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button