PoliticsБасты

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы Бас Ассамблеясының төртінші сессиясы өтеді

Ағымдағы жылдың 8-9 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының (АҚИҰ) төртінші сессиясы өтеді. Іс-шара «Пост-пандемиялық әлемдегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының азық-түлік жүйелері» тақырыбымен онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында министрлік сессиясының делегаттарына арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғы сөзі оқылып, Бас Ассамблея шеңберінде ұйымға төрағалық ету құқығы Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасына бір жыл мерзімге беріледі деп жоспарланған.

Жиынға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас Хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі Орынбасары А.Сенгендо, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев, Түркия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрі Б. Пакдемирли, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Атқарушы кеңесінің Төрағасы А. Альховэйш, АҚИҰ бас директоры Е.Байдәулет, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қатысушы және байқаушы елдерінің министрлері, вице-министрлері, ИЫҰ институттарының және басқа да халықаралық ұйымдардың бірінші басшылары және қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жауапты басқа да делегаттары қатысады.

Күн тәртібінде АҚИҰ-ға жаңа елдердің қосылуы туралы, 2020 жылғы қаржылық есептілікті бекіту туралы, бұрын қабылданған стратегиялық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы және Бас Ассамблея отырыстарының 2-ші және 3-ші қарарларының орындалу барысы туралы мәселелер, институционалдық және әкімшілік-шаруашылық мәселелер қаралады. Сондай-ақ, ұйымның 2031 жылға дейінгі 10 жылдық стратегиясы таныстырылып, талқыланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button