Әлемде азық-түлік тапшылығы белең алуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.
Айтуынша, бүгінде 820 млн адам аш құрсақ жүр. Енді коронавирус пандемиясы кесірінен бұл көрсеткіш еселене түсуі ықтимал. Осыған байланысты Гутерриш әлем елдеріне ауыл-шаруашылық саласына ерекше мән беріп, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін қолға алуға шақырады. Сонымен қатар бұл салада жұмыс орындарын арттырып, астық саудасы тұралап қалмауы үшін жергілікті сауда орындарының жұмысын бір ізге келтіруге кеңес береді.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: – Біз болашақты инвестициялауымыз керек. Халықты пайдалы әрі қолжетімді азықпен қамтамасыз ету үшін азық-түлік жүйесін құрайық. Ауылшаруашылық саласына және өзге де өндіріс орындарына көңіл бөліп, аштықтың алдын алуымыз керек.