Мамандар жаһандық қауіпсіздік туралы толық ақпарат алу үшін 60 қаланы 76 көрсеткіш бойынша зерттеген. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
2021 жылы Копенгаген өмір сапасына әсер ететін көптеген көрсеткіштерге жауап беретін әлемдегі ең қауіпсіз қала ретінде танылды. Коронавирустық пандемияға қарамастан, Дания астанасы қауіпсіздік, экология және экономикалық өркендеу салаларында сәтті көш бастап келеді.
Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеуіне сәйкес, Дания астанасы Токио, Сингапур және Осака сияқты бұрынғы көшбасшыларды басып озды. Әлемдегі ең қауіпсіз он қала:
- Копенгаген (Дания)
- Торонто (Канада);
- Сингапур;
- Сидней (Австралия)
- Токио (Жапония)
- Амстердам (Нидерланд);
- Веллингтон (Жаңа Зеландия)
- Гонконг (Қытай)
- Мельбурн (Австралия)
- Стокгольм (Швеция).