PoliticsБасты

Қосшы заңды түрде облыстық маңызы бар қалаға айналды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қосшы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды. Бұйрық мәтіні төменде:

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, делінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button