Басты
Қазақстан -Ресей әуе жолы 15 маусымнан ашылы мүмкін
Ресей халықаралық әуе рейстерін 15 шілдеден бастап жандандыруды жоспарлап отыр. Алғашқыда әуе кемелері 15 мемлекетке ұшуы ықтимал, деп хабарлайды kazgazeta.kz
⠀
Алдымен Еуразиялық Экономикалық одақ елдері мен ТМД мемлекеттеріне рейстер ашу көзделген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сонымен қатар, Росавиация Еуропа елдері мен Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея арасындағы шекараны ашуды ұсынды.
⠀
Дегенмен, тек көршілес елдің жоспары әуе қатынасының жандануына жеткіліксіз. Ол үшін рейстерді қабылдаушы тараптың да келісімі қажет. Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты Ресей халықаралық бағыттарды 24 наурыздан бастап тоқтатқан.