Нұр-Сұлтан қаласында пара-жүзуден әлем кубогының жеңімпазы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сиязбек Далиев – пара-жүзуден Азия мен Еуропа чемпионы, әлем кубогының иегері. Ал биыл Токио-2021 Олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды. Ол тек спортшыларға ғана емес, өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр.
Мурал «Toyota Motors Kazakhstan» компаниясының және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған суретшілер — Айбек пен Аяулым Нұрбековтер отбасы.
Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы 189 көше, 5 үйдің қасбетінде салынды.