Басты
Азия чемпионы Қазақстан құрамасынан кетіп, кәсіпқой боксқа ауысты
Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
«Қазақстан құрамасынан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын», – деп жазды Нұрмағанбет Instagram желісіндегі фалловерлерінің сұрақтарына жауап берген кезде.
22 жастағы Нұрмағанбет 2019 жылы сәуірде 81 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы болған еді. Ал қыркүйекте боксшы әлем чемпионатына баруы керек болған, бірақ жарақат алған.
Еске салайық, биыл ақпанда 2019 жылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оның дебюті коронавирусқа байланысты шегерілген. Ал 1 маусымда ұлыбританиялық MTK Global компаниясы жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың финалисі Талғат Шайкенмен келісімшарт жасасқанын хабарлаған.