Басты

Шымкентте карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Оған 7 күн ішінде коронавирус инфекциясының 3,7 пайызға өскені себеп.

Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік және шектеу шараларын қала бойынша 22 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған 7 күн ішінде коронавирус инфекциясының 3,7 пайызға өскені себеп. Карантин аяқталғанға дейін қала тұрғындарына, Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына меншік түріне қарамастан мынандай шектеулер қолданылады:

1) көшеде маска, қолғап киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтайды. Халыққа қызмет көрсететін нысандар жұмысшыларына санитарлық бұйымдар сатып алып беруі тиіс;

2) аса бір қажеттіліксіз көшеге шығуға болмайды;

3) кәсіпкерлік нысандарға тұтынушылары мен жұмысшыларының карантиндік талаптарды сақтауын талап етәп, оны қажетті деңгейде қамтамасыз етуі тиіс;

4) кинотеатрлар, балалар ойын алаңы, мұз айдыны, субұрқақтар, батут, фудкорт сынды нысандардың жұмысына қатаң тыйым салынады.

5) ҰБТ кезінде барлық карантиндік және санитарлық талаптар сақталуы керек;

6) ҰБТ кезінде адамдардың бір жерге көп шоғырлануына тыйым салынады және т.б.

Басқа жаңалықтар

Back to top button