SocialБасты

Білім бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсады

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қ. Жүгінісовтің 2 маусым күні суицид жасағаны туралы ақпаратты БАҚ бүгін бере бастады. Оған бірден облыстық ведомство түсініктеме жасады.

«Өкінішке қарай, Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Байжанұлы Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы ақпаратты растаймыз. Қайғылы жағдайдың мән-жайынан білім басқармасы хабарсыз, – деді облыстық басқармадан. – Қалыбек Байжанұлы әріптестері арасында сыйлы жан еді. Ол – өз ісінің маманы, жауапты қызметкер болды. Білім басқармасының ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады».

Сонымен қатар жергілікті БАҚ-та марқұмның өзіне қол салуының себебі – оған қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген тергеу болуы мүмкін екені хабарланған.

«Білім басқармасына құқық қорғау органдарынан Қалыбек Байжанұлына қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген соталды тергеу туралы ресми ақпарат түспеді», – деп қосты облыстық білім басқармасынан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button