BusinessБасты

Қарулы күзеті жоқ ақша айырбастау пункттеріне айыппұл салынды

Қарулы күзеті жоқ және бейне бақылау камералары жұмыс істемейтін ақша айырбастау пункттеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақша айырбастау пунктерінің иелері қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Кәсіпкерлер қарулы күзет орындарын қамтамасыз етпеген, бейне бақылау камералары жазба жүргізбеген. Мұның барлығы Ұлттық банктің «Мемлекеттік реттеу туралы» заң аясында жүргізген тексеруі барысында анықталды. 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда қозғалған әкімшілік істердің саны 2,4 есеге артты», – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Мұнан бөлек, айырбас пункттері клиенттер үшін қажетті ақпаратты көрнекі жерде орналастырмаған. Айырбас операциялары журналда көрсетілмеген. Өздерінің жұмыстары туралы нақты емес есеп жіберіп отырған. Кейбір айырбас пункттері біліктілік талаптарына сай емес. Олар қарулы күзетсіз жұмыс істеген. Ал бейне бақылау камералары жазба жүргізбеген.

Жалпы, өткен жылдың екінші жартыжылдығында 114 кешенді тексеру жүргізілді. Оның қорытындысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 141 хаттама толтырылды. Аталған заң бұзушылықтар Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button