ӘлемБасты

Үндістанда соңғы тәулікте 3780 адам ковидтен көз жұмды

Үндістанда коронавирустан бір күнде қаза тапқандар саны бойынша жаңа рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл елде соңғы 24 сағатта 3780 адам көз жұмған. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада әлемдегі 4 науқастың біреуі осы үнді елінде тіркелгенін айтады. Қазір елдегі жағдай өте қиын. Ауруханалар, мәйітханалар мен крематорийлер лық толы. Бұдан басқа оттегі, төсекорын мен медициналық құралдар жетіспей жатыр. Көптеген адамдар жедел жәрдем және басқа көліктердің ішінде көз жұмды. Сарапшылар Үндістанда індеттің өршуіне діни фестивальдар мен саяси шерулерге адамдардың көптеп қатысуы себеп деп айыптайды.

Рохан Аггаруал, дәрігер:

– Науқастар өте көп. Күніне ең құрығанда 1 сағат тынығуға уақыт таппай жатырмыз. Коронавирус науқастарына арналған құралдарының шиқылдаған дыбыстары көзіміз ілініп кетсе де құлағымызда тұрады. Ата-анам «жағдайың қалай» деп сұрай береді. Оларға сыр білдірмей, өзімді жақсы жағынан көрсетіп, сабырлы жауап беруге тырысамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button