Буркина-Фасода бірер күн бұрын жоғалып кеткен 3 еуропалық журналистің өлі денелері табылды. Бұл туралы Испания Сыртқы істер министрі мәлімдеді.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Буркина-Фасоның Компьенга провинциясында браконьерлер туралы деректі фильм түсіріп жүрген бір топ адам жоғалып кеткен еді. Олардың ішінде екі испандық пен бір ирландиялық журналист және бір жергілікті тұрғын болған. Артынан оларға ұлттық паркте белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, ұрлап кеткені анықталады. Бірақ шабуылды қандай лаңкестік топ жасағаны әлі беймәлім.