Корнавирусқа тест жасайтын роботтар құрастырылуда
Жапонияда Коронавируске тест жасайтын роботтар құрастырылып жатыр. Жапониялық компания медицина қызметкерлері арасында коронавируске шалдығу оқиғаларының санын азайту мақсатында ПТР-тест жүргізетін роботталған жүйені құрастыруда,деп хабарлайды KTK.kz
Роботталған жүйе бірнеше роботтан тұратын болады. Біріншісі адамдардан анализ алады. Екіншісі биоматериалды зерттеу құрылғысына салады.
Ал үшіншісі реагенттермен жұмыс істейді. Роботтарды «Kawasaki Heavy Industries» және «Sysmex»-тің бірлескен компаниясы ойлап тапқан және олар осында құрастырылмақ. Жапония компаниясының өкілдері атап өткендей, басты элемент науқастардан анализ алу болып табылады. Себебі бұл дәрігерлерге COVID-19-ға ПТР-тестілеуді қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде індетті жұқтырып алу қаупін азайтады. Роботтардың өндірісі қолға алынған Кобе қаласында билік өкілдері компанияға 460 мың доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетпек. Сондай-ақ ауруханалар мен өзге де мекемелерде сынақ алаңдарын ұсынады.