Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге Донбаста кездесуді ұсынды. Ол туралы Зеленский өзінің Телеграмм каналындағы видеоүндеуінде айтты. Бұл туралы TACC хабарлады.
Мемлекет басшысы 19 сәуірде болған «нормандық төрттік» (Германия, Россия, Украина, Франция) саяси кеңесшілерінің отырысында Донбастағы болып жатқан оқиғаны толығымен көріп, түсіну үшін сол жерде кездесу туралы ұсынысқа жауап берді.
«Оның түсінетін несі бар? Мен бәрін түсініп, көріп отырмын, ай сайын сол жерге барып тұрамын. Путин мырза, мен сізден де асып түсіп, украиналық Донбасстың соғыс болып жатқан кез келген нүктесінде кездесуге шақырамын» – деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы айтар болсақ, әңгіме ең алдымен миллиондаған адамның өмірі туралы болады, соңында екі тарап та жеңіледі. Сонымен қатар Украина президенті, «танк үстінде бейбітшілік орнату мүмкін емес» екенін айтты.
«Бірде Ресей президенті былай деген еді: егер төбелестен қашатын жол жоқ болса, онда соққыны бірінші болып жасау керек. Бірақ, менің ойымша, бүгінгі күні әр көшбасшы әңгіме нағыз соғыс жайлы болып жатқанын түсінуі керек. Шабуыл жасау арқылы, біреуді қорғау мүмкін емес. Тұтқынға алып, біреуді еркіндікке жіберу де сол секілді.
Оның пікірінше, Украина мен Ресейдің «болашаққа деген көзқарастары әртүрлі». «Біз ол – біз. Сіз ол – сіз. Бірақ бұл негізгі мәселе емес, керісінше бұл – мүмкіндік. Ең аз дегенде, бұл соғыстан кейінгі адам шығынының санына әсер етуге деген мүмкіндік.
Біздің принцип өте қарапайым: Украина соғысты бірінші болып бастамайды, бірақ ол соңына дейін күресуге әрдайым дайын, деді Зеленский.
Айта кетейік, Донбастағы азаматтық қақтығыс 7 жылдан бері жалғасып келеді, құрбандарының саны 13 мыңға жуық.