ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ доллары номиналындағы жалған шетел валютасын сатумен айналысатын екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 231-бабының 2-б., 2,3-т. (жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.