Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі смартфон қолданушылар ведомствоның барлық ақпараттық ресурстарына жылдам қол жеткізулері үшін QR-код енгізді. Министрліктің ресми сайтына, Facebook және Instagram парақшаларына, Telegram және YouTube арналарына QR-код арқылы кіруге болады.
Осы инновацияның арқасында АӨК саласындағы жаңалықтарға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құжаттары мен хабарламаларына бір қадам жасап-ақ қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ол үшін тек смартфонның камерасымен QR-кодты сканерлеу керек.