EconomyБасты

Мұнай-газ, химия өнімдерін өндіру көлемі 4 есе ұлғайды

Соңғы 4 жылда мұнай-газ химия өнімдер өндірісінің көлемі төрт есе ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни жоғары бөліністегі мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында батыс өңірлерді мұнай-химия кешендерінің құрылысына инвестициялар тарту орталықтары ретінде қалыптастыру, сондай-ақ мұнай-химия мен жоғары бөліністі газ өңдеуді дамыту міндетін қойды», – деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр.

Оның айтуынша, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуына және хош иісті көмірсутектер, майлар мен полипропилен өндіретін зауыттардың өнім шығару көлемінің артуына байланысты жыл сайын мұнай-газ химия өнімдері өндірісінің ұлғаюы байқалады. Мәселен, 2016-2020 жылдары шығарылған өнім көлемі 4 есе өсіп, 360 мың тоннаны құрады.

«Бүгінде елімізде жалпы қуаты шамамен 870 мың тоннаны құрайтын майлау материалдарын, полипропилен, метил-трет-бутил эфирін, бензол мен параксилол өндіретін 5 зауыт жұмыс істейді», – деді Нұрлан Ноғаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button