Коронавирус жүрек аурулары мен қатерлі ісіктен кейін адамдар көп өлген дерт болып тіркелді. Covid-19дан елдегі өлім 15 процентке өскен.
Ал соңғы мәлімтке сәйкес, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 29 миллионнан асып, дерттен 530 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Елде жұқпалы дертке қарсы жаппай вакциналау былтыр желтоқсан айында басталды. Осы мақсатта 3 вакцина ресми тіркеуден өтіп бекітілген.