2020 жылдан бастап қазақстандық және ресейлік ғалымдар Солтүстік Каспийде бірлескен зерттеулер жүргізуде.
Итбалықтардың санын, популяцияның мөлшері мен жас құрамын және олардың өлу себептерін бағалау бойынша әуе есебі жүргізілді.
Каспий итбалығының мекендеу орындарын сақтау және санын қалпына келтіру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жоспарда бар.