Social
Cемейдегі кәсіпорыннан 16 млн теңгенің металы ұрланды
Семей қаласындағы кәсіпорыннан 16 млн теңгеге бағаланған металл сынықтарын ұрлаған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семей қаласында 15-24 қаңтар аралығында «Металл» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның аясында полиция қызметкерлері түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеріп жатыр. Бүгінде заңсыз жұмыс істеген осындай 5 пункт анықталған.
«Тәртіп сақшылары «ВАЗ-21013» және «Газель» маркалы көліктермен Степной кентінің аумағында орналасқан кәсіпорыннан металл сынықтарын ұрлаған 4 адамды ұстады. Келтірілген шығын мөлшері 16 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» – деп хабарлады Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.