FinanceБасты

Қаржы вице-министрі тағайындалды

ҚР Қаржы Министрлігінің вице-министрі қызметіне Дәурен Кеңбейіл тағайындалды.

Кеңбейіл Дәурен Маратұлы, 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген.
Жоғарғы білімді. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік мекемелердің менеджері мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. 2009 ж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Болашақ), «Менеджмент» бағыты бойынша менеджмент магистрі.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР ҚМ жүйесінде бастады. Ол 2009 жылдың желтоқсанына дейін Қазынашылық комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2009 – 2017 ж.ж. -ҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаментінің бас сарапшысы, концессиялық жобалар басқармасының бастығы, мемлекеттік бағалы қағаздар, кепілдіктер мен кепілдіктер басқармасының бастығы.
2017 – 2019 жылдары: ҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.
2019 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін,ҚР ҚМ  Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры.
Бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button