AgroБасты

ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді

ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес,  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button