Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 ақпан кешіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,16 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 423,56 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 3 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 74 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,25 теңге, сатып алу – 424,77 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,81теңгеден болса, ал сатып алу – 423, 91 теңгені құрайды.