Қазақстанда Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1,9 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды

Қазақстанда еңбек нарығының өзгеруін және жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, кадрларды даярлаудың озық жүйесі қалыптасуда. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында хабарлады.
Оның айтуыша, 20 өңірлік карта әзірленген. Оларда 2 мыңнан астам жаңа мамандық айқындалып, қолданыстағы мамандықтардың трансформациясы көрсетілген. Бұл ретте цифрлық сыңар бойынша және өндірістік процестерде жасанды интеллектіні қолдану бойынша мамандар пайда болуда.
2026 жылы Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1 983 білім беру бағдарламасы жаңартылды, ал 2022 жылы небәрі 7 бағдарлама жаңартылған еді. Білім беру бағдарламалары жасанды интеллектіні ескере отырып өзектендіріледі, микробіліктіліктер мен өндірістік оқыту енгізіледі.



