Көшпенділер ойындарына қатысатын құсбегілер құрамы белгілі болды

Қазақстанның құсбегілік құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Қырғызстанға аттанды
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты бүгін Бішкекте өтуде. Негізгі жарыстар мен мәдени-ғылыми іс-шаралар 2–6 қыркүйек күндері ұйымдастырылады. Құсбегілік сайыстары 2–3 қыркүйек күндері өтеді.
Халықаралық додада еліміздің атынан тоғыз құсбегі «Бүркіт салу», «Ителгі салу» және «Қаршыға салу» бойынша бақ сынайды.
«Бүркіт салу» бойынша:
Байкадамов Ерзат,
Кушкаров Арман,
Тумурзин Руслан.

«Ителгі салу» бойынша:
Кенжетаев Ерлан,
Есентаев Сұлтансері,
Бабажан Бақдәулет.

«Қаршыға салу» бойынша:
Аршабай Даурен,
Жалғасұлы Серікболсын,
Махмұтхан Заки.

Қазақстандық құсбегілер дүбірлі додаға тыңғылықты дайындықпен аттанды. Соңғы айларда спортшылар қырандарын жарысқа баптап, жаттығу жұмыстарын күшейтті. Алдағы бәсекеде құсбегілердің шеберлігі мен қырандардың бабын қатар сынайтын жауапты жарыстар күтіп тұр.
Айта кетейік, құсбегілеріміздің VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуына Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.



