Politics

«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде саланың негізгі кәсіпорындарын «қайта жаңғырту», сондай-ақ бүкіл саланың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін күшейту шаралары қолға алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Қазсушар» РМК-мен біріктірілді. Сонымен қатар кәсіпорынның бейінді емес активтерін, оның ішінде топтық су құбырларын коммуналдық меншікке беру жөніндегі Жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК жарғылық қызмет түрлерін кеңейту жұмыстарын қолға алды. Ал ашықтықты арттыру мақсатында жыл басынан бері кәсіпорында суару суы үшін қолма-қол төлем жасау толығымен тоқтатылды. 2026 жылы су тұтынушылармен жасалатын барлық шарт жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта жасалады.

Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде кәсіпорын шығындарды толық жойып, өткен жылды пайдамен аяқтады. Дебиторлық берешек 90%-ға азайды.

«Қазсушар» РМК-ны реформалау бизнес-процестерді қайта құру мен автоматтандыруды, филиалдардың қызметін жоспарлау және тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды, кіріс пен шығысты басқаруды орталықтандыруды, жобалық басқару қағидаттарын енгізуді және жарғылық қызмет түрлерін кеңейтуді қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорынның техникалық паркі жаңартылып жатыр. Былтырдың қорытындысы бойынша техника паркінің 27%-ы жаңартылды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button