Әлем
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

