Social

«Esil RUN»: Астанада жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылатын «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының ашылуына шақырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты

Іс-шара 11 сәуір күні Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», – дейді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетейік, «Esil RUN» жүгіруі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button