Айбек Смадияров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.


