Social

Елордада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен 10 ұйым жауапқа тартылды

Елордада тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Қалалық полиция құрылыс нысандарында рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда

Құрылыс жұмыстары қаланың дамуына үлес қосады, алайда олар нормаларға сай әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізілуі маңызды. Биылғы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 370-тен астам дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі.

«Тек соңғы апта ішінде құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге төккен 10 нысан жауапкершілікке тартылды. Қаланың тазалығы тек қызмет көрсетуші ұйымдарға емес, әрбір тұрғынның саналы әрекетіне де байланысты. Полиция барша тұрғынды тазалықты сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button