Қазақстанда оң көші-қон сальдосы сақталуда – Еңбекмині

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында республикадағы көші-қон жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Ол елімізде 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Тікелей нәтиже ретінде – оң көші-қон сальдосы сақталғанын жеткізді.
Ішкі еңбек ұтқырлығы бойынша соңғы жылдары іскерлік белсенділік байқалады. Ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында 2022 жылдан бастап 28 мыңға жуық адам қоныс аударды, қоныс аударатын өңірлердегі көші-қонның теріс сальдо деңгейін 4 есе төмендетуге қол жеткізілді.
«Ағымдағы кезеңде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша қабылданған шаралар олардың солтүстік өңірлерден нөлдік мәнге кету деңгейін төмендетуге ықпал етті», — деп қосты Светлана Жақыпова.