Politics

Қазақстанда жолдардың сапасы жақсарды ма?

Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Ол 2024 жылдың қорытындысында кәсіпорын сапа сараптамасымен қамтуды республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша 100%-ды, жергілікті желі бойынша 99%-ды құрағанын хабарлады. 47 мыңға жуық жол-құрылыс материалының сынамалары зертханалық сынақтан өткізіліді. Автомобиль жолдарының 22 мың шақырымына аспаптық тексерулер және диагностика жүргізілді.

«Жалпы, 2023-2024 жылдардағы нәтижелерді салыстыра келсек, жолдардың сапасы бойынша оң динамикасы байқалады. 2023 жылы жергілікті желіні қамту 89%-ды құраса, 2024 жылы 99%-ға дейін жетті. Сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдары мен ақаулар саны 16%-ға азайды. Сапасыз жұмыстарды қайта құру 5%-ға дейін төмендеді. Диагностика қорытындысы бойынша, орташа жөндеу жұмыстары есебінен жол жабынының тегістігі 5%-ға жақсарды.
Аталған көрсеткіштер уақтылы қабылданған шешімдердің арқасында, нәтижесін берді», — деп атап өтті Болатбек Айтбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button