Economy

Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды

Биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

«Әсіресе, инвестиция IT-сектор (3,8 есе өсу), туризм (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіп (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе) және көлік саласында (+47,1%) байқалған.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды» – делінген баспасөз хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button