Басты

Ақмола облысында кеңседен сейфті ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Ақмола облысында қолма-қол ақшаны сейфімен ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады.

«Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button