Politics

«Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру және кеңейту бойынша

Маңғыстау облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин «Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақтау порты мен Иранның солтүстік порттары арасында жүктерді тасымалдау жолға қойылған «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі – баламалы сауда маршруттарын дамыту тұрғысынан келешегі бар бағыт. Оның шығыс тармағы Маңғыстау облысы арқылы өтеді.

https://lh7-us.googleusercontent.com/f4DJZGIUM_e6qu82txsFbWIutbytizVbJ9hgCXrUfiAJIJ4BagxpYw-HPpeZL9QrgzAL8QztTKWBkiuSk5OmZYjwsg8x_iGW0tdZsdmrx77rT5xTi6D2gtx5D5zwNiV2O2O9dhUrnha7O6Zfyvowi9M

Кеңесте көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтқандай, сервисті жақсарту, жүктерді жеткізу уақытын қысқарту және аталған көлік дәлізінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан, Ресей және Түркіменстанның теміржол әкімшіліктері бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша “Солтүстік – Оңтүстік” дәлізі бойынша теміржол көлігімен тасымалданған жүктің көлемі 2,1 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 4%-ға артық. 2027 жылға қарай дәліздің көлік өткізу әлеуеті жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады», — деді Мақсат Қалиақпаров.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TХКБ) – Шығыс-Батыс бағыттарына маңызды балама. Оның өткізу қабілеті 6 млн тонна, 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары.  2024 жылдың басынан тасымалдау 274,2 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 147%-ға арта түскен.

https://primeminister.kz/assets/media/zhumangarin-3_11.jpg

ТХКБ-да инфрақұрылым мен терминалдық қуаттарды жақсарту, порттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі 2027 жылға қарай аталған көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ең ірі жұмыстардың қатарында: «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдары және «Алматы» айналма теміржол желісі, Ақтау теңіз портындағы контейнерлік хаб, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды терминалын салу және екі портты тереңдету жұмыстары бар.

Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Маңғыстау облысының әуе және автомобиль көлігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Маңғыстау облысының елдің көлік-логистикалық жүйесіндегі, әсіресе «Солтүстік-Оңтүстік»  және ТХКБ дәліздеріндегі стратегиялық рөлін атап өтті. Вице-премьер оларды кеңейту және өткізу қабілетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button