Қазақстандықтар үшін жанар жағармай мен дизельдің шекті бағасы өзгеріссіз қалады
Энергетика министрлігі ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тұрақты жағдайы және айтарлықтай қорларының болуы туралы хабарлайды
ЖЖМ қорларын өндіру, тиеп-жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізіледі, деп мәлімдейді баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта, атап айтқанда, МӨЗ, мұнай базалары мен жолдардағы дизель отынының жиынтық қоры 626 мың тоннаны құрайды.
2023 жылғы 12 сәуірде нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 140 бұйрығы шығарылды, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге, оның ішінде дизель отынына (жазғы, маусымаралық) шекті баға бойынша литріне 450 теңге көзделген.
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 100 литрге дейін және Қазақстан Республикасында берілген жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға арналған жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 300 литрге дейінгі – көлемде дизель отыны сатылады» – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Министрлік азаматтар және автожанармай құю станциялары мен мұнай базалары өкілдерінің жолданымдарына байланысты дизель отынын өткізу үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуын талап етуді уақытша алып тастау жөніндегі бұйрықтың жобасын литріне 295 теңге баға бойынша дайындады.
Бұл ұсыныс жанармай құю станцияларында дизель отынын өндіру, тиеп-жөнелту, толтыру және өткізу арасындағы тепе-теңдікті реттеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес бұйрықтың жобасы барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен талқылауы үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Қорытынды шешім барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін қабылданады.
Аталған бұйрық жобасында қазақстандықтар үшін жанар жағармай мен дизельдің шекті бағасы өзгеріссіз қалады.