Қаржы министрі 2024 жылғы қаңтардағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде М.Т. Такиев мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн. теңге кіріс түсіп, жоспар 111,5% орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджетке кірістер 521 млрд. теңге түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 191,3 %-ке орындалып, 526 млрд. теңгені құрады. Жоспар 251 млрд.теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар бойынша – 223 млрд. теңгеге.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,9%-ке, республикалық бюджет шығыстары 97,8%-ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 94,5%-ке атқарылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар айында 1,8 трлн. теңге сомаға 75 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылғаны атап өтілді.
Аудитпен шамамен 408 млрд.теңге қамтылды, онда 4,8 млрд. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 340 млн. теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Cөз соңында Мәди Такиев 2021 – 2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы айтты.