Business

Кәсіпкерлік грант: Астанада 110-нан аса жоба мақұлданды

Қазіргі уақытта елордада жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379 бірлікті құрайды. Онда 499 445 адам жұмыс істейді, бұл белсенді халықтың 72.8%-ын құрайды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының (21,6%), сондай-ақ ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандарсанының (13.2%) өсуінің оң серпінін атап өткен жөн. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

​ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әкімдік кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізуде, оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегіұлттық жоба шеңберінде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беруді жеке кәсіпкерлерге, субъектілерге ұсынады.

«​Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіретін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысушылар және экономика басым секторлар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын басқа да дара кәсіпкерлер болуы мүмкін», – дейді спикер.

​Конкурс жыл сайынғы негізде өткізіледі, 2023 жылы өтінімдерді қабылдау 7-16 тамыз күндері kezekte.kz ақпараттық платформа арқылы өтті. ​Барлығы 1971 өтінім келіп түсті, бұл ретте конкурстық комиссия алдында қорғауға 1118 өтінім жіберілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен 545 млн теңгеге 113 жоба мақұлданды.

​Салалар бөлінісінде:

​- Жобалардың 49,57% (56 жоба) өңдеу өнеркәсібіне келді. Мысалы: «Қуат» ЖК өзі электр арбаларының қымбаттығы проблемасына тап болып, мүгедектер арбасына арналған электр приставкаларын немесе Төлегенұлы ЖК лазерлік ЧПУ станогын өндіру туралы шешім қабылдады.
​- Білім беру саласында – 19 жоба. Мысалы: Arystan ЖК виртуалды бағдарламаларды оқыту мектебін ашуға бағытталған инновациялық жобасы.
​- Денсаулық сақтау саласында – 12 жоба. Конкурстық комиссия мақұлдаған ЖК Жарылқасымов нақты өмірде дәлірек нәтиже алу үшін 3D-модельдердегі операцияларды модельдей алады.
​- Ақпарат және байланыс саласында – 9 жоба. ЖК Абильдин Ш-микро, шағын және орта кәсіпорындар үшін цифрлық трансформацияға, деректерді беруді автоматтандыруға және талдауға бағдарланған SMART Data Solutionsit-платформасын құру).
​- Өнер, ойын-сауық және демалыс бағытында – 4 жоба. ЖК Мұхаметжанов балалардың дағдыларына, мүмкіндіктері мен тілектеріне, ата-аналардың сұрауына бейімделген даму ерекшеліктері бар балаларға арналғанмерекелерді ұйымдастыру.
​- Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет бағытында 6 жоба. Мысалы, ЖК ЛЯШЕВИЧ ДМИТРИЙ «Тунгус» ұнтақты өрт сөндіру модульдерін қайта жарақтандыру қызметі.
​- Көлік және қоймалау және т.б. бағытында – 4 жоба. Махабат ЖК – жүктерді көліктік өңдеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button