4 қазанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша журналистерге арналған workshop оқыту семинары өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Воркшоптың спикерлері ретінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов, киберқауіпсіздік, IT және коммуникациялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин сөз сөйледі.
«Бiз жеке деректердің таралып кету қаупін барынша азайтуды ескере отырып, азаматтардың жеке деректерінің таралып кетуі бойынша жауапкершілікті күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке деректер тараған кезде азаматтарды бұл туралы «Электрондық үкімет» порталы және 1414 смс-хабарлама арқылы хабардар ету көзделуде»,- деп атап өтті Руслан Әбдіқалықов.
Воркшопқа Гүлбану Әбенова мен Ерлан Сәкенов сынды танымал қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер қатысты. Семинарға қатысушылар жеке деректерді қорғау, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. сияқты киберқауіпсіздікке қатысты көптеген маңызды тақырыпты талқылады. Сондай-ақ үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық кеңicтiкте мәлiметтердi қорғауға байланысты өзекті мәселелер қаралды.
«Біз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзету енгізу арқылы жеке деректерді қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жазаны күшейту саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша маңызды қадамдарды жасадық», – дедi Асхат Оразбек.
Қаіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын беру жөніндегі түзетулерді, сондай-ақ олардың дербес деректері тараған кезде азаматтарды хабардар ету тетігін енгізу жөніндегі түзетулерді көздейтін заң жобасы тұр.
Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1) дербес деректерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін жасалған күннен бастап бір жылға дейін ұлғайту;
2) дербес деректерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін 3 есеге дейін ұлғайту.
Қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 79-бабына сәйкес, дербес деректерді заңсыз жинағаны және өңдегені үшін айыппұл мөлшері – 10 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін. Ал жаңа заң жобасы бойынша ол көрсеткіш 30 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін өседі.Осылайша, семинарда ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттыру және жеке деректерді қорғау мәселелері жан-жақты қозғалды, ал бұл экономика мен қоғамның табысты дамуы үшін қажетті шарт болып саналады.