Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексіне бірнеше салық декларациясының күшін жою туралы ұсыныс енгізілгенін айтты.
Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударылатын болады. Бүгінгі таңда кейбір декларацияларды ұсынудың күшін жою бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл салық міндеттемелері 1 млн теңгеден аз болған кезде мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеудің күшін жоюға, сондай-ақ бизнес субъектілері үшін көлік салығы бойынша есептің және декларацияның күшін жоюға қатысты
, – деді министр.
Айтуынша, берешек өтелмеген жағдайда банк шоттарын жаппау, тек берешек сомасы мөлшерінде инкассалық өкімдер қою ұсынылып отыр.
Сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі негізінде тексерулерді тағайындау және жоспарлы тексерулерді алып тастау ұсынылады. Бақылау барысында салық төлеушімен өзара іс-қимыл тек салық төлеушінің кабинеті арқылы жасау ұсынылады. Оған қоса, платформалық жұмыспен қамтуды әкімшілендіруде жаңа тәсіл көзделуде
, – деді ведомство басшысы.