Президент сұйытылған газ айналымына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – деп жазылған құжатта.