SocialБасты

«Атамекен» ҰКП Басқармасының экс-төрағасы ұсталды

10 мамыр күні Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді, деп хабарлайды Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметі.

«Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикоррупциялыққызметке және Call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды» – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button